Еуропаның орталығында дауыл болып, адамдар зардап шекті

БРЮССЕЛЬ. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еуропаның нақ ортасында - Бельгияда сәрсенбіден бейсенбіге қараған түнде тағы да күшті дауыл соқты, оның салдарынан кемінде екі адам зардап шекті.
None
None

Қазірге дейін бүкіл Бельгияда сағатына 100 шақырымға жеткен күшті жел байқалуда, күшті нөсер жауады деп күтілуде. Бұл туралы Корольдік метеорологиялық институт хабарлады.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, өткен түнде еуропаның астанасынан 60 шақырым жердегі Анцег қаласының маңында жолға құлаған ағашқа жүк автомобилі соқтығысып, екі адам жарақат алды.

Таңертең Бельгиядағы күшті желдің салдарынан теміржол пойыздары, соның ішінде еуропалық ірі қалаларды жалғастыратын ұшқыр желілердің пойыздары кешіктірілді.

Бұдан басқа, бүгін түске дейін елдің барлық аумағында саябақтар жабылды. Брюссельде барлық саябақтарға жұма күнгі таңертеңге дейін баруға тыйым салынған.

Бельгиядағы күшті жел үш күн бойы соғып тұр. Сейсенбі күні, 3 қаңтарда ағаштар құлап, төбе жабындарын жел жұлып әкетуі салдарынан 4 адам зардап шекті, олардың арасында 7 жасар бала бар. Дүлей жел мен нөсер жаңбырдың салдарынан елдің солтүстігіндегі экономикалық жағынан қуатты Фландрияға елеулі материалдық зиян келтірілді.  

Соңғы жаңалықтар