Еуропаның үздік жас футболшысы атануға 40 ойыншы үміткер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын өтетін Golden Boy сыйлығына үміткерлердің тізімі жарияланды. Ол Tuttosport нұсқасы бойынша Еуропаның үздік жас футболшысына табысталады, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Еуропаның үздік жас футболшысы атануға 40 ойыншы үміткер

Тізімде барлығы 40 футбол ойыншысы бар. Номинанттар тізіміне Рахим Стерлинг ("Ливерпуль"), Аднан Янузай ("МЮ"), Набиль Бенталеб, Эрик Дайер (оба - "Тоттенхэм"), Хакан Чалханоглу ("Байер"), Калум Чемберс ("Арсенал"), Кингсли Коман ("Ювентус"), Жерар Деулофеу ("Севилья"), Маттиас Гинтер ("Боруссия" Дортмунд), Пьер-Эмиль Хейбьерг ("Бавария"), Матео Ковачич ("Интер"), Лазар Маркович ("Ливерпуль"), Маркиньос, Адриен Рабио (екеуі де - "Пари Сен-Жермен"), Сандро Рамирес, Мунир Эль-Хаддади (екеуі де - "Барселона"), Дивок Ориджи ("Лилль"), Люк Шоу ("Манчестер Юнайтед"), Курт Зума ("Челси") және басқалары енді. Айта кетейік, 2003 жылы бекітілген Golden Boy сыйлығы Еуропада ойнаған 21 жасқа дейінгі үздік футболшыға табысталады. 2013 жылы сыйлыққа «Ювентустың» жартылай қорғаушысы Поль Погба ие болған еді, ал 2012 жылы оны Мадиридтің «Реалының» «Малагеда» ойнаған спортшысы иеленді.