Еуропарламент Беларусті 2014 жылғы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айыруды талап етуде
БРЮССЕЛЬ. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Еуропарламент пленарлық сессиясының барысында Беларусқа қатысты қарар қабылдады, онда Минскіні 2014 жылғы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айыру талап етілген, деп хабарлады еуропалық заң шығару органының баспасөз қызметі.
«Халықаралық хоккей федерациясы беларус режимі адам құқықтары мен заң үстемдігін сақтамайынша, 2014 жылғы чемпионатты өткізілетін жер туралы шешімді қайта қарап, оны өткізу құқығын басқа елге беруді ойластыруы тиіс», - деп атап өтілген қарарда.
Еуропарламент Беларустан чемпионат өткізу үшін шарттар ретінде барлық саяси тұтқындарды сөзсіз және тез арада босатуды талап етті.
Қарарда сондай-ақ Беларус президенті Александр Лукашенконың Германия сыртқы істер министріне қатысты шымбайына тиетін ауыр сөз айтқанын айыптады және «ЕО мен Беларус арасындағы дипломатиялық жанжалды өршіту бұрын-соңды болмаған ауқымға» жеткенін атап өтті. Бұдан басқа еуродепутаттар кезекті рет Минскіні өлім жазасына мораторий енгізуге шақырды.