Еуропарламент депутаты Қазақстандағы су тасқынына байланысты алаңдаушылық білдірді

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздегі төтенше жағдайға қатысты шетелдіктер де пікір білдіріп жатыр. Еуропарламент депутаты Рышард Чарнецкий Қазақстан халқын қолдайтынын ашық айтты.

Еуропарламент
Фото: Bartłomiej Zborowski

«Қазақстанның солтүстік-батысында мыңдаған адамның су тасқынынан зардап шеккеніне алаңдап отырмын. 15 мыңнан астам адам эвакуацияланып, кейбірі су басқан ауылдарда қалып қойды. Елдің тезірек қалпына келуін тілеймін», - деп жазды поляк депутаты әлеуметтік желіде.

Р. Чарнецкий – Еуропарламенттің Орталық Азия елдерімен және Моңғолиямен байланыстар жөніндегі делегациясының мүшесі, сондай-ақ ЕП Сыртқы істер комитетінің мүшесі.