Еуропарламент ЕО-ның жеті жылға арналған бюджет жобасын мақұлдады

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Бірнеше айдан бергі ұлттық үкіметтермен арадағы қызу келіссөздерден кейін Еуропарламент Еуроодақтың алдағы жеті жылға негізделген бюджетін мақұлдады. Бұл туралы Би-Би-Си хабарлады.

Еуропарламент ЕО-ның жеті жылға арналған бюджет жобасын мақұлдады
2014-2020 жылдардағы ЕО шығыстарының жалпы көлемі 1 триллион еуроға жуықтады. Сонымен қатар мақұлданған бюджет жобасында қаржының елеулі сомасын ғылыми зерттеулер мен инновацияларға бөлу қарастырылған. ЕО бюджеті Еуропалық одақтың жиынтық Жалпы ішкі өнімінен 1 пайызға жуық мөлшерді құрайды және көлемі бойынша ЕО-ға мүше-елдердің ұлттық бюджеттерінен төмен.