20:05, 16 Қаңтар 2009 | GMT +5
Еуропарламент Газа секторында шұғыл келісімге келуді шақырды
БРЮССЕЛЬ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Еуропарламент Страсбургте өткен жалпы сессияда Израиль мен ХАМАС-ты Газа секторындағы жағдай бойынша шұғыл келісімге келуге шақырған құжат қабылдады, онда ХАМАС тарапынан израиль аумағына зымыранмен шабуылдауды тоқтатуы және Израильдің Газада әскери операцияларды аяқтауы талап етілген,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Еуропарламенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Парламентшілер ұзақ мерзімге келісімге келу халықаралық қоғамдастықтың қатысуы тетіктерімен кепілдендірілуі қажеттігін атап көрсетті. Депутаттар сондай-ақ израиль өкімет орындарын Газа секторына журналистерді жіберуге және гуманитарлық дәліз арқылы үзіліссіз көмек жеткізілуіне кепілдік беруге шақырды.