Еуропарламент Грузиямен арадағы визаны алып тастамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропарламент Грузиямен арадағы виза тәртібін алып тастауды қолдап отыр. Бұл шешімді қуаттап 553 депутат дауыс берген, деп жазады «Хабар 24».

Еуропарламент Грузиямен арадағы визаны алып тастамақ

Олардың пікірінше, Грузия қойылған барлық талапты орындаған. Әсіресе, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес айрықша аталып өтті. Ал, 66 депутат мұнымен келіспесе, 28-і қалыс қалған. Енді бұл шешімді Еуроодақтың кеңесі мақұлдауы тиіс.

Айта кетейік, Еуроодақ келісімнің қандай да бір талабы бұзылатын болса, визасыз режимді кез келген уақытта тоқтатуға құқылы.