Еуропарламент пен Еурокомиссияның төрағалары Лиссабон келісімі бойынша Ирландияда өткен референдумның қорытындысын қолдады

БРЮССЕЛЬ.   Қазанның  5-і. ҚазАқпарат /Ержан  Оспанов/ -   Еуропарламент  төрағасы  Ежи Бузек пен Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу Лиссабон  келісімі  бойынша Ирландияда  өткен  референдумның   қорытындысын   қолдады.  

Еуропарламент   пен  Еурокомиссияның  төрағалары   Лиссабон  келісімі  бойынша Ирландияда  өткен  референдумның   қорытындысын   қолдады

 Еуроодақ елдерінің  барлығы  ратификациялағаннан кейін, аталмыш  келісім       қабылданбай  қалған     Еуроодақ  Конституциясы  жобасын алмастыратын  жаңа  базалық    келісімшарт   болуы керек.

 «Ирландиядағы  референдумның    нәтижесіне   шын жүректен   қолдау  білдіремін.  Ирландия  халқы      еуропалық жобаларға  деген өзінің   шынайы  ұстанымын   білдіріп  отыр.   Олар Еуропаның   ортасында     болу ниеттерін   қуаттады.  Бұл Ирландия үшін де,  Еуропа үшін де  жақсы жаңалық»,  дейді Еуропарламент   басшысы Ежи Бузек. Еуроодақ   төрағасы  Баррозу  өз  кезегінде, «Рахмет, Ирландия!.   Бұл Ирландия  үшін де, Еуропа үшін де   ұлы күн»,  деп   мәлім етті.

 Жалпыхалықтық    дауыс берудің  қорытындысына сәйкес,  жаңа    құжат үшін   Ирландия   халқының  60 пайыздан  астамы  дауыс берсе, 32,9  пайызы - қарсы  дауыс берген.   Сайлаушылардың келуі   58 пайызды құрап  отыр.  Естеріңізге сала  кетейік,   өткен  жылдың  маусым  айында   осындай  референдумда Ирландия  халқының 560 пайыздан  астамы  жаңа     құжатқа   қарсы дауыс берген  еді.