Еуропарламент украиндық шенділердің визасының күшін жойып, есеп-шоттарына тыйым салуға дайындалып жатыр - БАҚ

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Бұл санкциялар Киевтегі ереуілшілерге күш қолданғаны үшін енгізілгелі отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Еуропарламент украиндық шенділердің визасының күшін жойып, есеп-шоттарына тыйым салуға дайындалып жатыр - БАҚ

«Қазір қажетті санкцияны енгізуге дайындық жүргізіліп жатыр», - деді Еуропарламенттің сыртқы істер комитетінің төрағасы Эльмар Брок. Оның айтуынша, қазір шенеуніктердің аты-жөні жазылған тізім толтырылуда.

Жақында Еуропарламенттің төрағасы Мартин Шульц: «Елдегі күштеп қарсылық көрсету шаралары жалғасатын болса, Еуроодақ Украинаға қатысты санкция қолданатын болады», - деп ескерткен еді.