Еуропарламент Ж.Баррозудың келесі бесжылдыққа Еурокомиссия төрағалығы лауазымына кандидатурасын мақұлдады
ССЕЛЬ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Бүгін Еуропарламенттің кезекті жалпы сессиясында депутаттар көпшілік дауыспен Еурокомиссияның қазіргі төрағасы Жозе Монуэль Баррозудың кандидатурасын келесі бесжылдық мерзімге қолдады,
деп хабарлайды Еуропарламенттің баспасөз қызметі.
Жасырын дауыс беру барысында Ж.Баррозуға 382 депутат дауыс берді, 219-ы - қарсы болды, 117-сі қалыс қалды.
Еуропарламенттің төрағасы Ежи Бузек Ж.Баррозудың қайта сайлануын еуропалық демократияның жеңісі деп атады. «Мен Баррозу мырзаны Еуропалық комиссия басшысы қызметіне сайлануымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл еуропалық демократия мен Еуропалық парламенттің жеңісінің нәтижесі. Бізге азаматтарымыздың мүддесі үшін жұмыс істейтін күшті тұрақты институттар қажет», - деді Е.Бузек.