Еуропарламентке сайлау болып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық одақ елдерінде 4 күндік Еуропарламентке сайлау болып жатыр.

Еуропарламентке сайлау болып жатыр

Қауымдасдықтың 28 елінің 21-інде сайлау учаcкелері ашылды. Барлығы 28 мемлекеттен 751 депутат сайланады. Бұл - дауыс берудің әлемдік тарихында болған ұзақ сайлау тәжірибесі. Еуро-парламентке сайлау әр елдің ұлттық заңнамасына негізделгендіктен 4 күнге созылады. Ал Грекияның Гавдос шағын аралының тұрғындары бұл саяси шараға қатысудан бас тартты. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, олар Еуропалық oдақ пен Грекия Үкіметінің саясатына қарсы, деп жазады 24.kz.