Еуропарламенттегі Арал жөніндегі кеңес Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалағы аясында мәселелерді шешуге көмектесті - АҚХҚ атқарушы комитетінің басшысы

БРЮССЕЛЬ. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Сейсенбі күні Еуропарламентте Арал теңізі мәселелері жөнінде болған арнайы кеңес Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясында өтіп, ҚР Президенті Н.Назарбаев жария еткен үш мәселеге қатысты проблемаларды шешуге көмектесті. Бұл туралы іс-шара қорытындысы бойынша Аралды құтқарудың Халықаралық қоры (АҚХҚ) атқарушы комитетінің төрағасы Сағит Ибаттулин мәлім етті.

Еуропарламенттегі Арал жөніндегі кеңес Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалағы аясында мәселелерді шешуге көмектесті - АҚХҚ атқарушы комитетінің басшысы

Оның айтуынша, экологиялық мәселелер Арал қасіретінен айналып өтетін болса, онда шешімін таппайды. «Бүгін мен осы мәселелерді қиын шарттардың өзінде қалай шешуге болатынын көрсетуге тырыстым. Қазақстан қиындықтан шығу жолын тапты және де Аралымызды 1960 жылдардағы жағдайына дейін қайтадан қалпына келтіруге тырысады. Бұл біздің бұлжымайтын ұстанымымыз, Мемлекет басшысы мен осы мәселе бойынша жұмыс атқарып жүрген мамандардың тұрақты талпынысы», - деді С.Ибаттулин.

Мәселені шешудің кешенді жолдарын қозғаған АҚХҚ атқарушы комитеті бастығының сөзіне қарағанда, Аралды қалпына келтіру мәселесінде оған құятын Сырдария және Амудария өзендерінің де мәселелерін шешу керек.