Еуропарламенттің делегациясы Еуромайданның айналасындағы жағдайды зерделеу үшін Киевке барады
БРЮССЕЛЬ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат- Еуропарламенттің делегациясы 28-31 қаңтарда еуропалық интеграцияны қолдаған бейбіт наразылық айналасындағы жағдайды зерделеу үшін Киевке барады. Бұл туралы Страсбургте Еуропарламенттің сыртқы істер комитетінің отырысында комитет басшысы Эльмар Брок мәлімдеді.
"Біздің жоспар - Майдандағы демонстрация көшбасшыларымен және оппозиция, үкімет, азаматтық қоғам өкілдері, студенттер және басқа да адамдармен кездесу", - деп атап өтті Еуропарламент комитетінің басшысы.
Оның айтуынша, соңғы күндері Украинадағы жағдай ушығып кетті. Оған мысал, Киевте Святошин АІІБ маңында «Бүркіт» өкілдері Украинаның бұрынғы Ішкі істер министрі Юрий Луценконы соққыға жықты.
Бұдан басқа, ол Киевте Майданды қуып-таратудың ықтимал жоспарлары туралы хабарламаның болуы алаңдаушылық тудырып отырғанын атап өтті.
Э. Брок миссияның негізгі міндеті бейбіт шерушілермен ынтымақтастық екенін де айтып өтті.