European Open турнирінде спортшыларымыз 2 медаль жеңіп алды

дзюдо
Фото: Спорт комитеті

АСТАНА. KAZINFORM – Дзюдодан 24-25 ақпан күндері Варшавада (Польша) өткен ересектер арасындағы European Open турнирінде спортшыларымыз 2 қола медаль жеңіп алды.

Атап айтсақ, 78 келіде кадеттер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мадина Парагульгова қола жүлде үшін белдесуде Нидерландтан келген татами шебері Свирс Полиеннен айласын асырып, ел қоржынына алғашқы жүлдені сыйлады.

Бұл салмақта Мадинадан бөлек Толқын Тұрсынақынова да бақ сынап, жұбаныш кездесуінде дәл осы Нидерланд өкілінен есе жіберді.

Ал екінші қола медалді ерлер арасында ел намысын қорғаған ең жеңіл 60 келіде жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Шерзод Давлатов сыйлады. Ол Грузия спортшысы Тома Гелашвилиден айласын асырды.

Шерзод былтыр да Польшадағы бәсекеде 3-орын алған болатын.

Екі күнге жалғасқан додада 37 елден 458 татами шебері 14 салмақта жүлдегерлерді сарапқа салды.

Соңғы жаңалықтар
telegram