Еуростат еуроаймақ ІЖӨ-нің І тоқсанда өсуін бағалауды жақсартты

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - 2016 жылдың І тоқсанында еуроаймақтың 19 елінің ІЖӨ өсімі өткен үш аймен салыстырғанда 0,6 пайызды құрады. Бұған ЕО-ның «Еуростат» статистикалық қызметінің түпкілікті мәліметтері дәлел.

Еуростат еуроаймақ ІЖӨ-нің І тоқсанда өсуін бағалауды жақсартты

«2016 жылғы бірінші тоқсанда маусымдық құбылуды ескеретін болсақ, еуроаймақтың ІЖӨ 0,6 пайызға артты және тұтастай алғанда, ЕО бойынша өткен тоқсанмен салыстырғанда 0,5 пайызға жетті», - деп атап өтті «Еуростат».

Бұдан бұрын мамыр айында «Еуростат» ағымдағы жылдың І тоқсанындағы еуроаймақ экономикасы 0,5 пайызға өскенін хабарлаған болатын.

Мәліметтері бар Еуродақ елдерінің арасында өткен тоқсанға қарағанда экономиканың ең жоғары өсімі Румынияда (+1,6%),  Кипрде (+0,9%),  Испанияда, Литвада, Австрияда және Словакияда (+0,8%-дан), Болгария мен Германияда (+0,7%-дан) тіркелді.

ІЖӨ-нің құлдырауы Венгрияда (-0,8%),  Грекияда (-0,5%)  және Польшада (0,1%), байқалды, сонымен бірге Эстонияда ІЖӨ өзгеріссіз қалды.