03:53, 02 Наурыз 2012 | GMT +5
Еуротуннель тағы да табысты бола бастады
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Ла-Манш түбіндегі теміржол туннелінің операторы - Eurostar өткен жылдың қорытындысымен 11 миллион еуро көлемінде таза пайдаға шықты, деп хабарлады Би-Би-Си.

2010 жылы Eurostar шығындары 58 миллион долларды құраған болатын.
2011 жылды табыспен аяқтауға компанияға жолаушылар тасқынының рекордтық 19 миллион адамға жетуі көмектесті. Eurostar биылғы жылы да жолаушылар тасқыны Елизавета ІІ патшайымның «гауһар» мерейтойы мен Лондондағы Олимпиада ойындары есебінен ұлғаяды деген үмітте. Компания Ойындар кезінде туннельден өтуді бұрынғы 35 минуттан жарты сағатқа дейін ұзартуға уәде берді. Жалпы алғанда Парижден Лондонға Еуротуннель арқылы шамамен екі сағатта жетуге болады.
Ұлыбританияны құрлықтық Еуропамен жалғастырған Еуротуннель 1994 жылы ашылды. Оның ұзындығы 51 шақырым шамасында, оның 39 шақырымы Ла-Манш бұғазы түбімен өтеді.