"Еуровидение-2011" тарихтағы ең ауқымды шара болды

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Биылғы жылғы "Еуровидение-2011" музыкалық байқауы билеттердің сатылуы бойынша тарихтағы ең ауқымды шара болды.

"Еуровидение-2011" тарихтағы ең ауқымды шара болды

Бұл туралы ұйымдастырушылар хабарлады. Бүгін Дюссельдорфта өткізілетін қорытынды концертке 10 мыңнан астам адам тіркелді, сонымен қатар 35 мың билет сатылды, деп хабарлады Утро.ру.

Беделді музыкалық сайыста ресейлік Алексей Воробьев өзінің «Get you» әнімен жеңіс үшін таласып отыр. Оның сахналық рет саны - оныншы.