«Еуровидение - 2013» Швецияның Мальме қаласында өтетін болды
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - "Евровидение-2013" музыкалық байқауы Швеция елінің оңтүстігіндегі Мальме қаласында өтеді.
Биыл Бакуде өткен байқаудың ақтық кезеңінде Euphoria әнімен швециялық әнші Лорин жеңіске жеткен болатын. Сондықтан келесі «Еуровидениенің» ұйымдастуршы елі ретінде Швеция шығады. Соңғы уақытқа дейін тек бұл шараның қай қалада өтетіні туралы ғана беймәлім болған.
Мальмемен қатар, беделді музыкалық байқауын өткізу құқығы үшін швециялық Стокгольм және Гетеборг қалалары таласты. Мальме - 664 мың тұрғыны бар Швециядағы үлкендігі бойынша үшінші қала.