«Еуровидение-2016» байқауының жүргізушілері анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Еуровидение-2015" байқауының жеңімпазы Монс Зелмерлёв 2016 жылы Швецияда өтетін Еуропаның ауқымды ән шоуының жүргізушісі болмақ, деп хабарланған байқау сайтында.

«Еуровидение-2016» байқауының жүргізушілері анықталды

Ал оған сахнадағы әріптесі ретінде белгілі тележүргізуші Петра Меде көмек береді деп күтілуде. Еске салайық, "Еуровидение-2016" байқауына рекордтық елдер саны - 43 ел қатысады. Халықаралық ән байқауының жартылай финалдары 2016 жылы 10 және 12 мамыр күндері, ал финалы - 14 мамырда өтеді.