«Еуровидение» байқауында 3 мемлекет кем болмақ
АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Еуровидение-2013» байқауында өткен жылмен салыстырғанда 3 мемлекет кем болмақ.
Байқауға қатысудан Босния мен Герцеговина, Португалия, Түркия және Словакия бас тартты. Ал Армения керісінше 1 жылдық үзілістен кейін байқауға қайта қатысуға өтініш білдірді. Бұл туралы «Еуровидение» байқауының ұйымдастырушылары хабарлады.
Айта кетейік, аталмыш байқау келесі жылы 14-18 мамыр аралығында шведтік Мальма қаласында өтеді.