«Еуровидение» конкурсы финалын украиндық әнші ашады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық «Еуровидение» ән конкурсын ұйымдастырушылар жұмаға қараған түні финалға шыққандардың ән салу ретін жариялады, деп хабарлайды ТАСС.
"12 мамырда Лиссабондағы Altice аренасының сахнасына алғашқы болып украиндық әнші Melovin шығады", делінген баспасөз баянында.
Одан кейін Испания, Словение, Литва, Австрия және Эстония өкілдері шығады.
Мәскеуде өткен "Еуровидения-2009" жеңімпазы Александр Рыбак - жетінші. Ал конкурс қожайыны - Португалия есеп бойынша тоғызыншы болып сахнаға шығады.
Сондай-ақ, финалдық бәсекеде Ұлыбритания, Сербия, Германия, Албания, Франция, Чехия, Дания, Австралия, Финляндия, Болгария, Молдавия, Швеция, Венгрия, Израиль, Нидерланды, Ирландия және Кипр өкілдері бақтарын сынайды. Соңғы, 26 нөмірмен Италия әншісі өнер көрсетеді.