Eurovision-2018 байқауында Израиль әншісі жеңімпаз атанды

«Eurovision-2018 жеңімпазы Израиль атанды», - деп жария етті кештің жүргізушілері.
Екінші орында Fuego («Жалын») әнін шырқаған Кипр өкілі Элени Фурейра, ал үшінші орында Nobody But You («Сенен басқа ешкім емес») композициясымен аустриялық Сезар Сэмпсон.
25 жастағы Нетта Барзилай Eуровижн байқауына Израильдегі музыкалық реалти-шоудағы жеңісінен кейін жолдама алған. Әнші Израильдің әскери оркестрінің сапында, Жас музыканттар лагерінің нұсқаушысы болып қызмет етеді. Нетта 2016 жылы The Experiment ансамблін құрғандардың бірі.
Соңғы Toy («Ойыншық») әнін Нетта ең табысты израильдік сазгер Тель-Авив әнұраны Tel Aviv Ya Habibi авторы Дорон Медалимен бірге жазған.
Еуровижн байқауының ережесіне сәйкес келесі байқау жеңімпаздың елінде өткізіледі. Еске сала кетсек, Eurovision-2018 8-12 мамыр аралығында Португалия астанасында ұйымдастырылды.
Фото: © Вячеслав Прокофьев/ТАСС