Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Eurowings пилоты 90 жолаушыны неге ұмытып кеткенін түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Eurowings компаниясына тиесілі ұшақтың пилоты Дюссельдорф әуежайынан асығыс ұшып шығып, 90 жолаушыны ұмытып кеткен, деп хабарлайды ria.ru.

Eurowings пилоты 90 жолаушыны неге ұмытып кеткенін түсіндірді

Ол өз қателігін қалада түнгі ұшуға тыйым салынған уақыттан бұрын әуеге көтерілмек болғандығымен түсіндірді.

Ұшақ Дрезден қаласына бет алған болатын. Оған отыратын жолаушылар әуежайдан 2 автобуспен шыққан, алайда екініші автобустағы 90 жолаушы жерде қалып қойған.