Eutelsat байланыс операторы жерсерігін жоғалтып алды
АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат - Француздың Eutelsat байланыс операторының диспетчерлері орбитаға шығарылғанына бір күн ғана болған W3B телевизиялық жерсерігін таппай отыр,
деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы Франс-Пресс агенттігіне сілтеме жасап.
Жерсеріктің жоғалуына «аномалия» себеп болғаны айтылуда.
Француздық Eutelsat байланыс операторы жерсерік байланыстарының операторлары арасында айналым көрсеткіші бойынша бірінші орында тұр.