ЕҰУ-да «Ғылым туралы» заңның жобасы талқылануда
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нұр Отан» ХДП Құқықтық кеңесінің төрағасы, депутат Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, бүгінде «Ғылым туралы» заңның жобасы зиялы қауым арасында қызу талқыға түсіп отыр. «Сондықтан «Нұр Отан» партиясы әу бастан бұл құжатты қоғамдық сараптаудан өткізуге кірісті. Заң жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар отандық ғылымды қаржыландыруға, оның экономикалық белсенділігін көтеруге, ғалымның мәртебесіне, сондай-ақ еліміздегі ғылымды ұйымдастыру жұмысына байланысты болмақ», - дейді Н,Әбдіров.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «ғылым инновациялық экономиканың негізі болуы тиіс» деген сөзін келтірген Н.Әбдіров: «Осының негізге ала отырып, бүгін біз «Ғылым туралы» заңның жобасын талқылауға арналған жиынға Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өкілдерін шақырып отырмыз», - деді ол.