ЕҰУ-да Нобель сыйлығының төрт лауреаты дәріс оқиды

деп хабарлады университеттің баспасөз орталығы.
Жиынға 1994 жылғы экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Джон Нэш, 2006 жылғы химия саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, Стэндфорд университетінің профессоры Роджер Корнберг, 1996 жылғы экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Сэр Джеймс Миррлис (дәріс тақырыбы: «Не себепті құлдырау болады және онымен қалай күресу керек?»), сонымен қатар, 2005 жылғы экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Ауманн (дәріс тақырыбы: «Ойын теориясы: аукцион, жол қозғалыс ұйымы, сайлаулар, арбитраж, сәйкесінше жұмыстар және актив бөлінісі сынды «ойын ережесі» бірден анықталған тәжірибеде қолданылатын ойындарды талқылау») қатысады.
5-мамыр күні ЕҰУ оқытушы-профессорлары мен студенттері алдында есімдері аталған төрт бірдей Нобель сыйлығының лауреаты түрлі тақырыптарда дәріс оқып, студенттермен пікір алысады.
Мәртебелі ғалымдардың дәрістерін тек қана ЕҰУ студенттері ғана емес, еліміздің 16 университетінің оқытушы-профессорлары мен студенттері тікелей эфир арқылы тамашалай алады.