ЕҰУ-да «Ұлан» гвардиясының қолбасшысы Абай Тасболатов дәріс оқиды
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Ертең Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Республикалық «Ұлан» гвардиясының қолбасшысы Абай Тасболатов «Қазіргі Қазақстан Республикасындағы патриотизм: тарих және тағылым»
атты ғылыми-практикалық конференцияда ЕҰУ студенттеріне дәріс оқиды, деп хабарлады Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасөз орталығы.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 наурыздан басталған ЕҰУ-дағы «Ұлан» гвардиясы күндері 4 күнге созылады. 250-ден астам офицер қатысатын аталмыш жиынға әскери шенді ел азаматтары қатысады. Жиын мақсаты - еліміздің қорғаныс саласында жүрген жастарды үлгі ету, әрбір қазақстандықтың жүрегінде патриоттық сезімді қалыптастыру. Жиын аясында ҚР Республикалық «Ұлан» офицерлері әрбір факультеттерде кездесу өткізеді.
ЕҰУ қызметкерлері және ҚР «Ұлан» офицерлері арасында волейболдан, шағын футболдан турнир өтеді. Сондай-ақ, «Ұлан» гвардиясының өнерлі офицерлері университетте шағын концерт қояды.