ЕҰУ-дың ректоры Б.Әбдірайым Ғылымдар академиясы Халықаралық қауымдастығының алтын медалімен марапатталды

СТАНА. Қазанның 18-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Мәскеу қаласында өткен ТМД елдері ғылыми-шығармашылық зиялыларының V форумы барысында Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, профессор Бақытжан Әбдірайым Ғылымдар академиясы Халықаралық қауымдастығының алтын медалімен марапатталды.

ЕҰУ-дың ректоры Б.Әбдірайым Ғылымдар академиясы Халықаралық қауымдастығының алтын медалімен марапатталды

Аталған жоғары награда Еуразия ұлттық университетінің ректоры, профессор Бақытжан Әбдірайымға халықаралық ғылыми ынтымақтастық байланыстарын дамытып, ғылым саласына қосқан үлесі үшін табысталып отыр. Ғылымдар академиясы Халықаралық қауымдастығының алтын медалі мен дипломын ұйым президенті Борис Патон салтанатты түрде тапсырды.