ЕҰУ серверлік орталығының тұсаукесер рәсімі және салтанатты ашылуы болады
АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Ертең, 19 қарашада, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ЕҰУ серверлік орталығының (Дата орталық) тұсаукесер рәсімі және салтанатты ашылуы болады. Аталмыш жиынға ҚР Вице-премьері-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев қатысады деп жоспарлануда.
Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған серверлік орталық- «Қазақтелеком» АҚ және телекоммуникация жүйесіндегі ең ірі қытайлық компания «Huawei Technologies Co.Ltd», сондай-ақ, бағдарлама өндірісінде лидер саналатын «Microsoft» пен Еуразия ұлттық университетінің бірлескен жобасы саналады.
Бұл - қазақстандық білім жүйесіндегі тұңғыш жоба болып табылады. Мақсат - танымал отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен оқу жүйесіне мультимедиялық және электронды дәрістер, білімді тест арқылы анықтау, видеодәрістер, видеоконференциялар сынды заманауи әдістерді қолданысқа ендіру.
Салтанатты ашылу рәсімінен соң, министр Әсет Исекешев оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер алдында интерактивті дәріс оқиды деп күтілуде.