ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы сайланды
СТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Еуразия ұлттық университетінде биыл жаңадан ашылатын Журналистика және саясаттану факультетінің деканы қызметіне белгілі журналист, ғалым Намазалы Омашұлы сайланды. Бұл туралы бүгін осы жоғары оқу орнының ректоры Бақытжан Әбдірайым мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Намазалы Омашұлының есімі елімізде ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде танымал. Оның Мәскеу, Сеул, Париж, Лас-Вегас, Оклахома, Монреал, Барселона және Мадрид қалаларында өткен конференцияларда жасаған ғылыми баяндамалары ғалымдардың ыстық ықыласына бөленуі сөзіміздің нақты дәлелі бола алады. Онымен қатар біз Н.Омашұлының әлемдік білім-ғылымға жетекшілік етіп отырған ЮНЕСКО ұйымының мәртебесі биік Орбиком мүшесі екендігін мақтаныш етеміз. Ғылыми ортада аты мәлім ғалым ағамыздың журналистика білімін дамытуға қосып жатқан үлесі орасан зор», - дейді Б.Әбдірайым.