Эверестті бағындырған қазақ альпинистері: Алматыда тау спортының аңыздарына арналған көрме ашылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы музейінде 1930 жылдардан бүгінге дейінгі альпинизм тарихына арналған «Аспанға ұмтылған шыңдар» көрмесі ашылды. Музей қонақтары тау лагерлерінің спортшыларды даярлаудағы рөлімен танысып, осы спорт түрінің дамуына үлес қосқан көрнекті альпинистердің өмір жолы мен жетістіктері туралы мәлімет ала алады.

Как казахстанцы покоряли Эверест: выставку о легендах альпинизма открыли в Алматы
Фото: Александр Павский /Kazinform

Көрмеге архивтік фотосуреттер, құжаттар, спортшылардың жеке заттары мен шыңдарды бағындыру кезінде пайдаланған альпинистік жабдықтары қойылған. Экспозиция Қазақстанда альпинизмнің қалыптасуы, алғашқы өрлеулер, белгілі экспедициялар мен бүгінгі спортшылардың жетістіктерін баяндайды.

Алғашқы шыңдардан бүгінгі альпинистерге дейін

Қазақстандағы альпинизм тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі — 1930 жылы 17 шілдеде Алматы шыңдарына алғашқы өрлеу. Оған Иван Мысовский, Владимир Горбунов пен Александр Берггрин қатысып, топқа Григорий Белоглазов жетекшілік етті. Алатау шыңдарының біріне жасалған бұл өрлеу еліміздегі альпинизм тарихының жаңа кезеңіне жол ашты.

Как казахстанцы покоряли Эверест: выставку о легендах альпинизма открыли в Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

Кейінгі жылдары Алматыда альпинистік клубтар құрыла бастады. 1935 жылы қалаға еліміздің әр өңірінен 250-ге жуық альпинист жиналып, бірқатар тауға, соның ішінде Талғар шыңына көтерілді. Сол жылы Алматыда Қазақстандағы алғашқы альпинистік клуб ашылды.

Как казахстанцы покоряли Эверест: выставку о легендах альпинизма открыли в Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

Экспозицияның бір бөлігі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы оқиғаларға арналған. Горельник шатқалының маңында Кеңес Одағының таулы аймақтарда әскери қимылдар жүргізетін бөлімдеріне нұсқаушылар даярлайтын мектеп жұмыс істеген. Онда 15 мыңға жуық әскери қызметкер дайындықтан өтті. 1944–1945 жылдары олар Эльбрус пен Грузияны қоса алғанда, таулы аймақтардағы әскери қимылдарға қатысқан. Көрмеден сол оқиғаларға қатысушылар мен қазақстандық альпинистердің жеке заттарын да көруге болады.

Как казахстанцы покоряли Эверест: выставку о легендах альпинизма открыли в Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

Соғыстан кейінгі кезеңде ірі экспедициялар ұйымдастырылып, қазақстандық альпинистер халықаралық деңгейде таныла бастады. Бұл ретте 1982 жылы Эверестке шығудың орны ерекше. Әлемдегі ең биік шыңның оңтүстік-батыс қабырғасына шыққан қазақстандық альпинистер Қазбек Уәлиев, Валерий Хрищатый және Юрий Голодов тарихи жетістікке қол жеткізді. «Эверест-82» экспедициясы альпинизм тарихындағы аңызға айналған оқиғалардың біріне айналды.

Как казахстанцы покоряли Эверест: выставку о легендах альпинизма открыли в Алматы
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Көрме стендтерінде экспедиция қатысушыларының архивтік фотосуреттері, шыңға шығуға дайындық барысы туралы материалдар және әйгілі шыңдарды бағындыру тарихы ұсынылған. Олардың қатарында Қазақстандағы ең танымал шыңдардың бірі — Хан-Тәңірі де бар. 1936 жылы альпинист Евгений Колокольников жаттықтырушысының жетекшілігімен осы шыңды бағындырған. Оның ізін жалғаған Юрий Колокольников та еліміздің көрнекті альпинистерінің бірі ретінде танылды.

Экспозициядан Тұйықсу альпинистік лагерінің тарихына қатысты материалдарды да көруге болады. Бұл база ондаған жыл бойы альпинистердің жаттығу және дайындық орны болған. 1938 жылдан бастап мұнда альпинистік лагерь жұмыс істеп, көптеген спортшы кәсіби даярлықтан өткен. 1966 жылы лагерь сел салдарынан қирағанымен, кейін қайта қалпына келтірілді. Бүгінде мұнда альпинистік база қайта жұмыс істеп тұр.

Как казахстанцы покоряли Эверест: выставку о легендах альпинизма открыли в Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

Тұйықсу лагері 1970–1980 жылдары Эверест экспедицияларына қатысқан спортшыларды даярлауда да маңызды рөл атқарды. Альпинистер осы жерде жаттығып, Алматы маңындағы тау шыңдарына шығу арқылы тәжірибе жинақтады.

Как казахстанцы покоряли Эверест: выставку о легендах альпинизма открыли в Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

Көрменің қорытынды бөлімінде Қазақстан мен әлемдік альпинизм тарихында өзіндік із қалдырған спортшылар таныстырылады. Олардың қатарында Қазбек Уәлиев, Валерий Шевцов, белгілі жаттықтырушы әрі экспедиция жетекшісі Ерванд Ильинский, әлемдегі биіктігі 8 мың метрден асатын 14 шыңның бәрін бағындырған Мақсұт Жұмаев, сондай-ақ «Қар барысы» атағына ие болған Анатолий Букреев пен 14 сегізмыңдықты бағындырған Денис Урубко бар.

Как казахстанцы покоряли Эверест: выставку о легендах альпинизма открыли в Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

Сонымен қатар альпинистердің киіміне тағылған естелік белгілер, медальдар, фотосуреттер мен басқа да бұйымдар қойылған. Келушілер 2025 жылғы альпинизм чемпионатында командасымен бірге бірінші орын алған Максим Теннің де жеке заттарын көре алады.

Архивтік фотолар арасында 1982 жылы Эверестті бағындырған қазақстандық альпинистердің суреттері бар. Спортшылар тарихи жетістігін Медеу маңында атап өткен. Бұл кадрлар спортшылардың өздерін ғана емес, Қазақстан альпинизмінің тарихына енген сәттерді де көрсетеді.

Альпинизмдегі әйелдердің орны

Көрменің жеке бөлімі әйел альпинистерге арналған. Мұнда келушілер Алматы тауларын алғаш өрлеген спортшылар мен Қазақстанның қазіргі альпинист әйелдерінің жетістіктері туралы біле алады. Атап айтқанда, Кеңес дәуірінде альпинизмнен спорт шебері атанған алғашқы альпинистердің қатарындағы Галина Щур-Гудкова мен Валентина Мещерякованың архивтік фотосуреттері ұсынылған.

Как казахстанцы покоряли Эверест: выставку о легендах альпинизма открыли в Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

Әйелдер Қазақстанда альпинизмнің дамуына елеулі үлес қосты. Олардың қатарында 1997 жылы Эверестке көтерілген Людмила Савина және «Жеті шың» бағдарламасын орындап, әлемдегі ең биік шыңды бағындырған алғашқы қазақ қызы атанған Анар Борашева бар.

2024 жылғы 12 мамырда Анар Борашева Kazakh Everest Team спорттық-патриоттық экспедициясы аясында альпинистер тобымен бірге Эверестке көтерілді.

Как казахстанцы покоряли Эверест: выставку о легендах альпинизма открыли в Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

Көрменің ашылуына қатысқан Анар Бурашева өз әсерін бөлісті.

— Мен үшін альпинизм жеке жетістікпен шектелмейді. Бұл — Қазақстанды әлемге танытып, тау шыңдарында еліміздің туын желбіретуге мүмкіндік беретін жол. Мұндай көрмелер өте маңызды деп есептеймін. Өйткені олар жас ұрпаққа шабыт беріп, жаңа биіктерді бағындыруға жігерлендіреді, — деді ол.

Қазақстан альпинизмінің тарихы өте бай

Көрменің ашылу салтанатына қазақстандық белгілі альпинист, Эверестті бағындырған алғашқы қазақ, «Халық достығы» және «Құрмет» ордендерінің иегері Қазбек Уәлиев те қатысты.

альпинист
Фото: Александр Павский / Kazinform

— Алматы мұражайында альпинизм бөлімінің ашылуымен баршаңызды құттықтаймын. Мұндай экспозицияның ашылуы өте орынды деп ойлаймын. Өйткені Қазақстан альпинизмінің тарихы өте бай. Жетістіктердің басым бөлігі Алматы альпинистерімен байланысты. Алматы қаласының альпинизм федерациясы бұл спорт түрін қала тұрғындары арасында кеңінен насихаттау үшін көп жұмыс атқарып келеді. Жылына бірнеше рет альпиниадалар ұйымдастырылып, оларға мыңдаған адам қатысады. Осыншама адамды жаппай тауға шығару оңай емес, сондықтан алдымен 600–700 адам іріктеледі. Соңғы бірнеше жылда бұл қозғалыстың дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл мені қуантады, — деді ол.

Қазақстанның Ұлттық тау гидтері мен көшбасшылары қауымдастығының вице-президенті Виктор Наврезов та ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың маңызын атап өтті.

— Мен «Политех» клубында Қазбек Уәлиевтен тәлім алдым. Қазір Қазақстанның Ұлттық тау гидтері мен көшбасшылары қауымдастығының атынан жұмыс істеймін. Осындай экспозициялар ұйымдастыру дәстүрі жалғасады деп үміттенемін. Альпинизм тарихымен қатар, қазіргі спортшылар туралы және осы саладағы оқыту жүйесінің бүгінгі дамуы жайында баяндайтын көрмелер де болса деймін, — деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанда жаңадан бастағандар мен кәсіби спортшыларға арналған альпинизм мектептері мен секциялары жұмыс істейді. Жаңа мамандарды даярлау да саланы дамытудың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр.

Как казахстанцы покоряли Эверест: выставку о легендах альпинизма открыли в Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова көрменің мақсаты спорт тарихын таныстырумен ғана шектелмейтінін, сонымен қатар өмірін тау шыңдарын бағындыруға арнаған адамдардың еңбегін көрсету екенін айтты.

— Альпинизм күнделікті еңбекті, батылдықты, төзімділік пен рух күшін талап етеді. Бұл жолды таңдаған спортшылар таудағы әр қадамның тәуекелге толы екенін жақсы түсінеді. Олардың жетістіктері құрметке лайық, — деді ол.

Как казахстанцы покоряли Эверест: выставку о легендах альпинизма открыли в Алматы
Фото: Александр Павский /Kazinform

Ләззат Сағындықованың айтуынша, көрмеге Алматы альпинизмінің ғасырға жуық тарихын қамтитын 100-ден астам экспонат қойылған. Экспозицияның басты мақсаты — көрнекті спортшылардың есімін ұмыттырмай, альпинизмді насихаттау және жас ұрпақты жаңа жетістіктерге ынталандыру.

Еске салайық, бұған дейін елімізде әскери альпинистер қалай даярланатынын жазғанбыз.