Эверестті бағындырған 80 жастағы қария Гималайдағы тау шыңынан төмен қарай шаңғымен сырғып түсуді жоспарлап отыр

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең биік шың Эверестті бағындырған ең қарт адам - 80 жастағы Юитиро Миура осы оқиғаға орай жиналған журналиcтер қауымын тағы бір таң қалдырды. Жапондық ақсақалдың ендігі мақсаты - Гималайдағы биіктігі 8,2 мың метр болатын Чо-Ойю тауының шыңынан төмен қарай шаңғымен сырғып түсу, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
None
None

Юитиро Миураға сексенге келген шағында арманын орындап, 8848 метрлік шыңды бағындыруға сегіз күн уақыт кеткен. Ол 70 пен 75 жасында, яғни 2003 және 2008 жылдары аталған шыңды бағындырып үлгерген. Бұл оның рекордтық үшінші рет көтерілуі.

Соңғы жаңалықтар