Евгений Кочетов ҚР Президенті Әкімшілігінде жаңа қызметке ие болды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болып Евгений Кочетов тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Евгений Кочетов ҚР Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болды
Фото: Gov.kz

— Мемлекет басшысының өкімімен Евгений Дмитриевич Кочетов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Евгений Дмитриевич 1988 жылы Астана қаласында дүниеге келген.

Қазақ гуманитарлық заң университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

2009-2013 жылдар аралығында «Жас Отан» ЖҚ және «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратының түрлі құрылымдық бөлімшелерінде кеңесші, сарапшы, консультант болып жұмыс істеді.

Әр жылдары жеке меншік коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2016 жылы «Қазконтент» АҚ Kaztube.kz видеопорталының жетекшісі болып тағайындалды.

2016-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.

2017-2018 жылдары — «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы.

2018-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары — «Рухани Жаңғыру» КЕАҚ қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының кеңесшісі.

2020-2023 жылдары — «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас директоры.

2023 жылдан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Бұдан бұрын ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры тағайындалғанын жазғанбыз.