Евкуров тамыздың ортасында қызметіне кірісуі мүмкін
МАГАС. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - Қастандықтан зардап шеккен Ингушетияның президенті Юнус-Бек Евкуров тамыздың ортасында қызметіне кіріседі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
«Ингушетия президенті Юнус-Бек Евкуровтың көңіл-күйі өте жақсы және әжептәуір сауығып келеді. Мен оны тамыздың ортасында өзінің президенттік міндетін атқаруға кіріседі деп ойлаймын», - деп хабарлады жұма күні баспасөз мәслихатында республика басшысының міндетін уақытқа атқарушы Рашид Гайсанов.