«Евразиялық сауда жүйесі» тауарлық биржасының қызметі лицензияланды
АЛМАТЫ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - ҚР Индустрия және сауда министрлігі «Евразиялық сауда жүйесі» (ЕСЖ) тауарлық биржасына биржалық қызметті жүзеге асыруға құқық беретін № 1000001 лицензия берді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕСЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік өткен жылғы қарашаның 26-сы күні ҚР Үкіметінің № 1942 «Тауар биржаларының қызметі мен биржалық брокерлерді және биржалық дилерлердің қызметін лицензиялауды бекіту туралы» қаулысы шыққан болатын. Осыған сәйкес жаңа жылдан бастап ЕСЖ қызметін уақытша тоқтатқан болатын. Кеше Индустрия және сауда министрлігі тарапынан № 1 лицензияны «ЕСЖ» тауар биржасына беруге шешім шықты. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, лицензия алуға сәйкес жақын күндері биржалық сауда қалпына келтірілетін болады.