14:21, 01 Қазан 2017 | GMT +6
ЕВРО-2018: Қазақстандық футболшы қыздар іріктеудің үш кездесуінде де жеңіліп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы 2018 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирін сәтсіз өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Бесінші топта өнер көрсеткен жерлестеріміз ірі есеппен Францияға (0:12), Данияға (0:6) және Уэльске (0:8) есе жіберіп, турнирді 0:26 доп айырмасымен соңғы орында аяқтады.