«Евросеть» компаниясының екі қызметкері ұялы байланыс үшін абоненттер төлеген 2 миллиондай теңгені өз қалталарына басқан

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің Астана қаласы бойынша

«Евросеть» компаниясының екі  қызметкері   ұялы  байланыс  үшін абоненттер төлеген   2 миллиондай теңгені  өз қалталарына   басқан
департаменті «Евросеть Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің А. есімді сатушы менеджері мен К. есімді консультант-сатушысының үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-шы бабы 3-ші тармағының «б» тармақшасы бойынша: сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету дерегі негізінде қылмыстық істер қозғады. Әлгі екеу абонентер ұялы байланыс үшін төлеген 2 395 580 теңге ақша қаражатын кассаға салмай, өз қалталарына салып алған.