«Евровидение 2012» байқауын 1500-ден астам журналист дүниежүзіне паш етеді

БАКУ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - «Евровидения 2012» баспасөз орталығында жергілікті БАҚ өкілдерімен қатар 1500-ден астам шетелдік журналистер жұмыс істейтін болады,
None
None

деп мәлім етті байқаудың жетекшісі Ян Ола Санд.

«Біз Бакуде өтетін байқауды 1500-ден астам журналистің жазып, көрсететіндігін білеміз. Жанкүйерлерді қоса алғанда олардың саны шамамен 2 мыңға жетеді. Қатысушы елдердің делегациясы мың адамды құрайды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, осылайша журналистердің, жанкүйерлердің, ресми делегация құрамын қоса алғанда байқауды тамашалауға шамамен 3 мың адам келеді.

Соңғы жаңалықтар