«Евровидение-2014» байқауында австриялық сақалды әйел жеңімпаз атанды - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Евровидение-2014" әншілер байқауында австриялық Кончита Вурст "Rise like a Phoenix" әнімен бас жүлдені иеленді, деп хабарлады ИТАР ТАСС.
Айта кетейік, финалдық кезеңге Ресей, Украина, Беларусь, Әзербайжан, Исландия, Норвегия, Румыния, Армения, Польша, Грекия, Германия, Швеция, Франция, Ұлыбритания, Венгрия сынды бірқатар елдердің әншілері жолдама алған болатын.
"Евровидение" - 1956 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан әншілердің дәстүрлі халықаралық байқауы. Әр жылдары бұл додада Селин Дион, Тото Кутуньо сынды күміс көмей әншілер топ жарған.