«Евровидение-2015» байқауына 39 елдің өнерпаздары қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Евровидение-2015" халықаралық ән байқауына 39 ел қатысады, деп хабарланған байқаудың ресми сайтында.

«Евровидение-2015» байқауына 39 елдің өнерпаздары қатысады

Бұл өткен жылғыдан екі елге артық. Бірқатар елдердегі күрделі экономикалық жағдайларға байланысты қатысушылар саны аз болуы мүмкін деген болжам айтылуда. Алайда 60-шы мәрте ұйымдастырылғалы отырған байқауға 39 елдің өнерпаздары қатысады. Шығармашылық байқауға Кипр, Чехия және Сербия қайта қатысатын болды.

Қатысушы елдер саны тақ болғандықтан, жартылай финалда әртістердің түрлі саны бақ сынасады. 19 мамырда өтетін "Евровидение-2015" байқауының бірінші жартылай финалында 16 елдің өнер өкілдері, ал 21 мамырдағы екінші жартылай финалында 17 елдің әншілері жұртшылық алдына шығады.

Келесі жылдың 26 қаңтарында қай елдердің бірінші жартылай финалда, қай елдердің екінші жартылай финалда өнер көрсететіні белгілі болады. Әр жартылай финалда үздік атанған он елдің орындаушылары ақтық сынға жолдама алады. Соңғы мәреде оларға Франция, Германия, Италия, Испания және Ұлыбритания, сонымен қатар қонақтарды қабылдап жатқан Австрия елдерінің өкілдері қосылады.