«Евровидение-2015» байқауына алғашқы билеттер сатыла бастамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Евровидение-2015» байқауын тамашалағысы келетін көрермендер үшін алғашқы билеттер партиясы 15 желтоқсаннан бастап сатылымға шығарылады, деп хабарланған халықаралық ән байқауының ресми сайтында.
None
None

Сатуға барлық үш концертке және шоудың басты репитицияларына билеттер шығарылады. Олардың бағасы мәселен, басты репитициялар үшін 14 еуродан басталса, Gold санатындағы финалдық концерті үшін 390 еуроға дейін болмақ. Билеттердің басым бөлігінің құны 49 еуродан бастап 150 еуроға дейінгі аралықта.

Көп билеттер 2015 жылы мамыр айында өтетін байқаудың сахнасы ретінде таңдалған Wiener Stadthalle-де камералардың орналастырылуы, сахнаны безендіру тәрізді мәселелер түбегейлі шешілген соң, алдағы айларда сатуға шығарылады. Айта кетейік, «Евровидение-2015» ән байқауы Австрияның Вена қаласында өтпек. Байқаудың екі жартылай финалы 19 және 21 мамырда, ал финалы 23 мамырда болады. Оған қатысатын елдердің саны келесі жылдың басында анықталады.

Соңғы жаңалықтар