«Евровидение-2015» байқауының ресми альбомы сатылымға түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Евровидение-2015» байқауында айтылатын әндердің ресми қосарлы альбомы дүкен сөрелеріне 17 сәуірде түседі, деп хабарланған байқаудың ресми сайтында.

«Евровидение-2015» байқауының ресми альбомы сатылымға түседі

Алдымен альбом Германия, Австрия, Швейцария, Бенилюкс және Скандинавия елдерінде сатылады. Еуропаның басқа елдерінде ол тек 20 сәуірде сатыла бастайды. Бұл дискіде Италия, Германия, Испания, Португалия және Грекия елдерінен байқауға қатысушылардың әндерінің жаңа нұсқалары ұсынылады. Еурошоудың ресми альбомын тарату құқығын iTunes сандық платформасы иеленіп отыр.