«Евровидение-2015» халықаралық балалар байқауы Болгарияда өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгарияның ұлттық телеарнасы Еуропаның радио және теледидар одағынан «Евровидение» халықаралық музыкалық балалар байқауын ұйымдастыру туралы ресми ұсынысын алды.
None
None

Телеарна қызметкерлерінің хабарлауынша, аталмыш ел бұл мүмкіндікке 2014 жылы Мальтада 10 жасар Крисия Тодорова мен екінші орын алған егіздер Хасан мен Ибрахим Игнатовтардың тамаша өнер көрсетулерінің арқасында қол жеткізген.

«Евровидение-2015» балалар байқауы оның тарихындағы 13-ші байқау болмақ, Болгария оның төртеуін өткізген, деп хабарлайды ТАСС.

Соңғы жаңалықтар