«Евровидение-2016» едәуір табыс әкелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швеция астанасында ««Евровидение-2016» музыкалық конкурсының ұйымдастырушылары оның қорытындысын шығарды. Олардың пікірінше, шара барлық жағынан сәтті өткен.

«Евровидение-2016»   едәуір табыс әкелді

Әлем бойынша 200 миллионнан астам адам байқау барысын теледидар арқылы тамашалаған, ал өз көзімен көру үшін Стокгольмге 38 мың музыка табынушылары келген.

Сонымен бірге, ұйымдастырушылар экономикалық табысты да жария етті: байқау қонақтары қону, тамақтану, ойын-сауық және сауда-саттыққа 263 миллион крон (шамамен 31 миллион доллар) көлемінде қаражат жұмсаған. Бұған тек соңғы жылдары табысқа қол жеткізген хоккейден 2012 жылғы әлем чемпионатын ғана салыстыруға болатындай. Ол да «Евровидение-2016» ұйымдастырылған  "Глобен" спорттық аренасында өткен еді», - деп жазды ТАСС.