«Евровидение» 2016 жылы Стокгольмде өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швеция Корольдігі 2016 жылдың мамырында "Евровидение" ән байқауы ел астанасы Стокгольмде Арена Глоблен алаңында өтетінін хабарлады.

«Евровидение»  2016 жылы Стокгольмде өтеді

"Евровидение 2016" 2016 жылы мамыр айының басында басталады. Алдын ала болжам бойынша байқау финалы 14 мамырда өтеді.

Шоу бағдарламаны "Евровидения-2015 жылдың" жеңімпазы Монс Зелмерлёв және шыққан тегі америкалық актер Дольф Лундгрен жүргізуі мүмкін екені аталып өтілді.