«Евровидение» балалар ән байқауында итальяндық өрен жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Итальяндық жас орындаушы Винченцо Каньелло «Евровидение» балалар байқауында жеңіске жетті. Шығармашылық жарыстың ақтық сыны сенбі күні кешке Мальтада өтті.

«Евровидение» балалар ән байқауында итальяндық өрен жеңіске жетті

Винченцо жеке орындауда қатысқан 16 қатысушының арасындағы жалғыз ер бала болды. Ол «Алғашқы үлкен махаббат» әнімен көпшілік көңілінен шықты. Екінші орын Болгариядан келген триоға бұйырды, үшінші орынға армениялық орындаушы ие болды. Төртінші орында Мальта атынан қатысқан қыз бала алды. Айта кетейік, «Евровидение» еуропалық ән конкурсының балаларға арналған байқауы осымен 12-ші рет ұйымдастырылды. Мальтада бұл конкурс бірінші рет өтті, Италия елінің өкілі де оған алғаш рет қатысты, деп хабарлайды ТАСС.