«Exclusive» журналы 7 жылдық зерттеуден кейін ең беделді компаниялардың рейтингісін жасады

АЛМАТЫ. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Exclusive» шолу-талдау журналы 7 жылдық зерттеуден кейін ең беделді компаниялардың рейтингісін жасап шығарды. Үздіктер көшін қазақстандық компаниялар арасында «Қазкоммерцбанк» бастап тұр.
None
None

«Қазкоммерцбанк» 2010 жылғы қаржы дағдарысы кезінде өз позициясын 2 тармаққа ғана төмендетті. Екінші орында тұрған - «Қазақтелеком» АҚ 2004 жылмен салыстырғанда телекоммуникациялық технологияларды енгізу мен дамытуда айтарлықтай ілгерілеушіліке қол жеткізді. Ал бөлшек ретейл саласының үздігі - «Ramstore» одан кейінгі сатыда тұр. Төртінші орынға  құрылыс нарығында көшбасшыға айналған - «Базис-А» компаниясы орналасты. Компания дағдарыс кезінде рейтингке енбей қалса-дағы, құрылыс жұмыстарының сапасы мен клиенттерінің сенімі оны үздіктер қатарындағы өз орнын сақтап қалуға ықпал етті. Озық бестікті түйіндеуші - «GSM-Kazakhstan» ұялы байланыс операторы. Байланыстың жаңа стандартын енгізіп, тарифтерді төмендеткен бұл компания көптеген ұлттық жобаларға демеуші болды. Солардың арасында Қазақстанда тұңғыш рет өткен 7-Қысқы Азия ойындары бар.

Соңғы жаңалықтар