Еxit-poll Мәжіліс сайлауы күні 550 сайлау уческесінде жұмыс істейді

«Сауалнама жүргізу үшін 550 сайлау учаскесін қамтимыз. Әрбір учаскенің алдында 2 қызметкеріміз тұрады. Олар exit-poll технологиясын, яғни, азамат дауыс беріп шыққан соң, оның кімге дауыс бергендігі туралы сауалнама жүргізу технологиясын үйренген қызметкерлер. Кеуделерінде арнайы бейдждері болады. Жалпы, біздің институт Қазақстанда үш сайлау науқанында exit-poll жүргізді. Үш ретте де біздің сауалнама қорытындысы Орталық сайлау комиссиясының есебімен бірдей болды. Айырмашылық тек 0,5 пайыз көлемінде болды. Мәжіліс сайлауы кезінде қалалардағы 313 учаске мен ауылды елді мекендерде 237 учаскеде жұмыс істейміз», - деп хабарлады институт директоры.
Әдеттегідей, exit-poll-дың зерттеу нәтижесі 20 наурыз күні сайлау аяқталғаннан кейін белгілі болады. Институт қызметкерлері шалғай ауылдарда да жұмыс істейтін болғандықтан, сауалнаманың қорытындысын онлайн-таратуға мүмкіндік жоқ, - деп тұр Ю. Кучинская.