EXPO ісі: Т. Ермегияевтің сыбайластары 4 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бюджет қаржысын жымқыру ісі бойынша істі болған фигуранттарға қатысты сот үкімі шықты. Адвокаттар ол шешіммен келіспейді және сотқа аппеляция бермек.

Аян Адамбаев, Орал Ибаділдина мен Сұламбек Беркінxоев айыпты деп танылып, 7 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Қуаныш Медеуов, Мұрат Омаров, Валерий Син - 8 жылға, Азамат Тұматаев - 10 жылға, Шоқан Матайбеков, Әлішер Пірметов - 5 жылға, Мадина Дәулетбаева - 4 жылға сотталды. Олардың мүліктері де тәркіленетін болады. Сонымен қатар материалдық жауапкершілігі жоғары лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Сот барысында 100-ден астам куәгер тыңдалды.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сонымен қатар оған материалдық жауапкершілігі жоғары мемлекеттік лауазымды иеленуге өмір бойына тыйым салынды және «Парасат» ордені қайтарып алынады.

Қылмыстық іске төрағалық еткен судья Әділxан Шайxисламов бүгін «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевке қатысты сот үкімін жария етті.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысына ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігіндегі «б» тармақшасында қарастырылған ауыр қылмыстарды бірнеше рет қасақана жасады деген күдік келтірілген еді.

Талғат Ермегияев 2015 жылдың 12 маусымынан бері үйқамақта болған еді. Айыптаушының ақпараты бойынша, жымқырылған қаражат көлемі 10,2 миллиард теңгені құрап отыр. Онымен бірге 22 адам сот алдында жауап берді. Олардың негізгі бөлігі компания қызметкерлері болған. Қылмыстық іс 540 томға жетіп отыр.

Сот барысында 12 айыпталушы тергеумен келісімге келген. 14 айыпталушы өз кінәларын мойнына алды. Ермегияевтің өзі кінәні мойындаудан бас тартты. 

Соңғы жаңалықтар
telegram