EXPO іскерлік орталығы – қоғамдық аумақ және елорданың қалалық жүйесінің маңызды бөлігі

Соңғы үш жылда «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы имидждік жобаны трансформациялап, білім беру және қаржы ұйымдарын шоғырландыра алды.
None

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін EXPO аумағын қоғамдық кеңістік ретінде дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, EXPO іскерлік орталығының аумағында жалпы ауданы 530 мың шаршы метрден астам 16 ғимарат орналасқан. Олар 100% толтырылған, ал резиденттер саны 15 мың адамнан асады.

Сондай-ақ, бизнес субъектілері үшін «А» санатты бизнес орталықтардың әлемдік стандарттарына сәйкес келетін Бизнес орталығы жұмыс істейді.

EXPO аумағының негізгі нысандарының бірі – Конгресс орталығы. Онда концерттерден бастап, жоғары деңгейдегі ресми кездесулерге дейінгі іс-шаралар өткізіледі. Биыл 50-ден астам іс-шара жоспарланған, оның ішінде қазақстандық жас және аты шыққан орындаушылар: Dequine, Мирас Жүгінісов, сондай-ақ шетелдік эстрада жұлдыздарының: Лара Фабиан, Jony, Евгений Чебатков, МакSим және т.б. концерттері бар.

2020 жылы Орталық Азиядағы бірегей ірі көрме алаңына айналған халықаралық көрме орталығы ашылды. Көрме орталығы UFI дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығымен сертификатталған. Көрме алаңының жүктемесі – жылына 310 күн.

Биыл мұнда 35-ке жуық іс-шара өткізу жоспарланған. Мысалы, Automechanika Astana 2023, Eurasian Book Fair VI еуразиялық халықаралық кітап көрмесі, Kazakhstan Industry Week өңдеу өнеркәсібінің III халықаралық көрмесі және т.б.

Сондай-ақ, EXPO аумағында жыл сайын маусым айында жазғы сахна жұмысын бастайды. Дәл осы сахнада Ninety One тобы, Джейран, «Raim & Artur» дуэті, DJ Smash, DJ Timoffey, Ерке Есмахан, Молданазар, Қайрат Нұртас, Say Mo, Abdr., халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалі The Spirit of Eurasia, The Limba, «Формат» тобы, Айқын, Cover Fest (Батырхан Шүкеновті еске алу кеші), рок фестивалі, ORDA FM гала-концерті, Cosplay Festival, этнофестиваль және т.б. эстрада әртістерінің open air концерттері өтті.

Сонымен қатар, кешен аумағында елорда тұрғындары мен қонақтарына «Line Brew», «Kakao Dak», «Harrats Pub», «Prime Golf» гольф симуляторы қызметтері ұсынылады. Жақын арада «Bronx» фитнес-клубының, «Coffee boom» кофеханасының ашылуы жоспарлануда. Келушілердің ыңғайлығы үшін көлік жуу орны бар 3 мың автокөлікке арналған тәулік бойы жұмыс істейтін жерасты паркингі қарастырылғанын атап өткен жөн.


Соңғы жаңалықтар
Референдум